Лаззаро Спалланцани тамақ бұлшық еттің күш салуынан емес, ас қорыту сөлінің көмегімен қорытылатыны туралы пікірді 18 ғасырда айтты. Мұны көрсету үшін, ол іші қуыс ұзындығы 2 см және диаметрі 0,5 см ағаш түтікшені жұтты. Түтікшенің ішінде кішкене ет болды. Түтікшенің екі жағы да жабулы, ал қабырғаларында көп кішкене тесіктер жасалған еді. Екі күннен кейін ағаш түтікше оның бойынан шықты.